AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ағасына өлтіруге ұсыныс жасаған: 19 жастағы сарқандық ана сұмдық оқиға жайлы айтып берді

Алматы облысының Сарқан аудандық соты қызын өлтірген анасы мен оның ағасына қатысты бұлтарпау шарасын қолдану мәселесін қарады. Оқиғаның мән-жайы анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

31 арнасынан скриншот

Сот материалдарға сәйкес, 8 ақпанда 19 жастағы қыз ағасымен бірге таксиге отырған. Церебральды сал ауруына шалдыққан баласы да жанында болған. Үшеуі жолда түсіп қалған.

"Сол кезде ол ағасына тумысынан аурушаң және есепте тұрған баласына қарай алмайтынын, көргісі келмейтінін айтып, оны өлтіруге ұсыныс жасаған. Келіспеген жағдайда өзіне-өзі қол жұмсайтынын айтқан. Ағасы қарындасының сөзіне келісіп, екеуі баланы өлтіруге бел буған", – делінген сот хабарламасында.

Осыдан кейін екеуі баланы алып, қала сыртындағы бұрынғы зауытқа қарай барған. Сол жерде қоқыс төгетін жер болған.

"Дәрменсіз баланы жерге жатқызып, қылқындырып өлтірген. Баланың жан тапсырғанына көз жеткізген. Одан кейін мәйітті жасырып, төбешіктің үстінде сырттай бақылап тұрған қарындасын алып, оқиға орнынан бой тасалағандары анықталды", – дейді сот мамандары.



Қазіргі кезде екеуі Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігімен ("Алдын ала сөз байласу арқылы жас баланы өлтіру") бойынша тергеліп жатыр. Күдіктілер жасаған қылмыстарын мойындап, үйқамақта ұстау бұлтартпау шарасын сұраған. Бірақ тергеу аяқталғанша екі ай мерзімге күзетпей ұстау санкциясы берілді. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, Алматы облысы Сарқан ауданында бес жастағы баланың мәйіті қоқыстан табылғанын жазған болатынбыз. Баланың басы шамамен бес метр жерден табылған. Құзырлы органның ақпаратына сәйкес, баланың анасы  2002 жылы туған Сарқан қаласының тұрғыны болып шықты. Баласын 2017 жылы, яғни 15 жасында дүниеге әкелген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр