Алматы облысында баланың мәйіті табылды: 19 жастағы анасы қызын өлтірді деген күдікке ілінді
17 мамыр күні Алматы облысындағы Сарқан қаласында қоқыстан баланың денесі табылған еді. Полиция баланың анасы анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Анасының сөзінше, қыз 2017 жылы туған және балалардың милық сал ауруына шалдыққан. Сондай-ақ туа біте ақыл-есі кем болған. Ақпан айында бала ауырып, қайтыс болған. Осы себепті анасы өзінің інісімен бірге қызды қала шетіне жасырын көмуге шешім қабылдаған", – делінген Алматы облысының полиция департаментінде.
Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы (“Кісі өлтіру”) бойынша тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің бақылауында. Күдіктілер аудандық полиция бөліміне жеткізілген.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген