Сарыағашта 9 азық-түлік дүкені өртеніп кетті
Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында тоғыз азық-түлік дүкені өртеніп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт туралы хабарлама 2020 жылғы 24 маусымда сағат 04:40-та түскен. Рамазан суару каналының бойындағы азық-түлік дүкендері өртенді. Өрттің жалпы аумағы 250 шаршы метрді құрады.
Олардың сөзінше, өрттің шығу себебі әлі анықталмаған. Қазіргі таңда өрт толығымен сөндірілді.
"Өрт салдарынан жақын маңда тұрған GAZelle автокөлігі өртеніп кетті. Өрт сағат 06: 25-те ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Шұғыл әрекет ету қызметінің күштері мен құралдары, 36 адамнан тұратын жедел-тергеу тобы және 9 техника жұмылдырылды", - деп хабарлады ведомствода.
Зардап шеккен адамдар жоқ.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”