Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сары шашты қыздың елесі: Полицейлер Ханкөл ауылындағы оқиғаның мән-жайын анықтауға аттанды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев полиция қызметкерлерін Ханкөл ауылына жіберді. Жергілікті тұрғындар қыздың аруағынан қорқатындарын айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Надежда" газетіне сілтеме жасап.

Әкім елес туралы ақпарат адам сенгісіз деп санайды. Ол оқиғаның мән-жайын тексеру үшін Ханкөл ауылына полиция қызметкерлерін жіберді.

"Күнде таңертең полиция қызметкерлері маған жағдайдың жақсы екені туралы есеп береді. Ешқандай мәселе туындамауы керек. Бұл істі полиция қызметкерлеріне тапсырамын", - деді Есқалиев. 

Бұған дейін Ханкөл ауылының тұрғындары сары шашты қыздың елесі бүкіл тұрғындарды қорқытқанын айтқан болатын. Олардың айтуынша, елес терезелерді қағып, тасжол бойымен жүріп өтіп бара жатқан көлік жүргізушілерін шошытады. 

Ауыл әкімі жергілікті имаммен және ақсақалдармен бірге, тіпті, зұлым рухтардан құтылу үшін құрбандық шалу рәсімін жасады.

Енді полиция ауылдастарын біреу алдап жатыр ма, адамдарда жаппай галлюцинация белгілері бар ма, жоқ па тексеретін болады. 

Талқылау