"Бұл әзіл": БҚО әкімі тұрғындарды шошытқан қыздың елесі туралы айтты
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте БҚО әкімі Ғали Есқалиев әлеуметтік желіде тараған елес туралы қауесет жайлы айтты. Әкімнің айтуынша, облыста ондай мәселе жоқ. Бұл әлдекімдердің шығарған әзілі.

"Біреулер әзілдеп жатыр. Ешқандай проблема болмауы керек, өйткені әр таң сайын біздің құқық қорғау органдары тұрғындарымызды мазалаған мәселе туралы баяндап тұрады. Егер бұл есепте болмаса, сенімсіз ақпарат болуы мүмкін немесе біреулер әзілдеп жатыр. Менің ойымша, бізде ондай проблема жоқ", - деді Есқалиев.
Ол жағдайды тексеру үшін полиция қызметкерлерін жіберетінін айтты.
Еске салайық, БҚО тұрғындары қыздың елесін көріп қорқып жүргенін айтты. Аймақ тұрғындары "зұлым рухтарды кетіру" үшін құрбандық шалды.
БҚО коронавирусқа қарсы "қызыл аймақ" тізімене енген.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген