Сарапшылар: Қазақстандағы үш банк банкрот болудың алдында тұр
Үш отандық банк, атап айтқанда Tengri Bank, Asia Credit Bank және Capital Bank Kazakhstan-ға шұғыл капиталдандыру қажет, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Егер олар өздерінің активтерін толықтырмаса, онда олар банкротқа ұшырауы мүмкін. Мұндай жағдайда, олар салымшылар мен басқа клиенттер алдындағы міндеттемелерін орындай алмайды.
Сондай-ақ, сарапшылар 2020 жылдың бірінші тоқсанында ForteBank-тың портфелінің айтарлықтай нашарлағанын айтады.
Бұл тұжырымға Radius консалтингтік мамандары келді.
Компания пандемия зардаптарына қарамастан, болашақта Қазақстанның банк секторы тұрақты болады дейді. Алайда, кейбір ЕДБ кірістерінің төмендеуі әлі де болады. Бірақ бұл олардың үшінші тоқсанның соңына дейін қалпына келуіне кедергі болмайды.

Коронавирус Қытай экономикасын құлдыратты. Келесі кезекте - әлемнің қалған бөлігі
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады