Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшы романтикалық алаяқтардың қандай болатынын сипаттап берді

Романтикалық алаяқтық бойынша сарапшы, "Киану Ривз саған ғашық емес" кітабының авторы Бекки Холмс романтикалық алаяқтарды қандай әрекетінен тануға болатынын тізіп берді. Ол бұл туралы The Guardian басылымына жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: retail.ru

Холмстың сөзінше, романтикалық алаяқтар әйелдерден онлайн түрде алдап ақша алу үшін олардың қалауы мен жан-жарасын пайдаланады. Сіздің қалауыңызға қарай бейімделуге тырысуы оның алаяқ екенінен сыр береді.

"Алаяқтар сіз туралы қолы жеткен ақпараттың бәрін тауып, өзіңізге қарсы қолданады. Сүйіктіңізді жоғалттыңыз ба?  Балалы болуды армандайсыз ба? Оның сізді жақсы көріп кететін баласы бар. Діншілсіз бе? Ол да діни қауым мүшесі. Олар сізді бақылауға алады. Қандай оқиға ойлап тапса да, соңы шұғыл ақша сұраумен аяқталады", - деп түсіндірді ол. 

Сонымен қатар Холмс өзін “мұндай қатеге жол бермеймін, ақылдымын” деп санайтындар, керісінше алаяқтардың арбауына тез түсіп қалатынын ескертті.

"Өзіңіз туралы өтірікке алданбаймын деп есептеу сізді әлсіз етеді. Түпсанада сіз өзіңізге лайық емес деп санаған дүниенің бәрін ұмытып кетесіз. Тағы бір ерекшелігі – алаяқтың арбауына түсіп қалғанда полицияға да жүгінбейсіз, себебі ұяттан кірер тесік таппай қиналасыз", - деп атап өтті сарапшы. 

Талқылау