Саран қаласына жаңа әкім тағайындалды
Халқы жылусыз қалған Саран қаласына жаңа әкім келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қарағанды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі
Дарын Бұлқайыр Саран қаласының әкімі болып тағайындалды. Ол осыған дейін Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымын атқарды.
Еске салсақ, бұған дейін Саран қаласының жылу жүйесінде ақау болғаны туралы жазған едік. Премьер-министр Саран қаласының жылу беру маусымына дайын екенін хабарлаған шенеуніктердің жазаланатынын мәлімдеді. Осыдан кейін Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов пен энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қалада жылу уақытында берілмегені үшін қатаң сөгіс алған еді. Содан кейін ол қызметінен кетті.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді