Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сара Амангелді: КешYou-де жүрген кезде киноға бару үшін директорға жазып, сұранатын едік

«КешYOU» тобынан кеткелі Сара Амангелді жұрт назарына шығып, журналистермен жүздеспеген еді. Баян Алагөзова басқаратын ұжымдағы жұмысын тоқтатқан сәтте, әнші қыз өнермен қоштасуға бел буған көрінеді. Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне сұхбат берген атышулы гелзбендтің экс-әншісі тың ақпараттарымен бөлісті.

КешYou

«Мен топтан кеткелі бері көп ойландым. Не істесем болады? Қандай жұмысқа кіріссем деген сияқты. Өзімді мүмкін басқа саладан көрем бе деп ойладым. Бір кездері радиода жұмыс істегім келді. Армандауға болады ғой. Бірақ көп ойланып, қанша уақыт өтті. Жан-тәнімнің тек әнге арналғанын ұқтым. Сахнаны сағындым. Қанша жыл еңбек еттім. Жұмыс жасадым. Ел көрдім. Адамдармен таныстым. Осы саланың арқасында мен өстім», – дейді Сара.

Тосыннан топтан кеткен Сараны, ғаламтор тұтынушылары тұрмысқа шықты деп топшылаған. Тіпті, атышулы Жұлдыз Өмірғали мен Ақбота Сейітмағамбеттің жолын қуды деп сынағандардың да санын да шек болмапты.

«Мен топтан кеткенде, ««КешYOU-дің» басқа қыздары сияқты тұрмысқа шықты деп, адамдардың барлығы жаман ойлап кетті. Мен тұрмысқа шығып кеткен жоқпын. Бірақ мен мынаны түсіндім. Ертең не болатын білмейсің ғой. Мүмкін мен бір аптадан кейін, біреуге ғашық болып қалатын шығармын. Егер ол кісі бір айдан кейін аламын десе, мен қашпаймын. Егер мені сүйіп, менің ата-анама ұнап жатса, мен тұрмысқа шыға саламын. Сүйіктім кездессе өнерді тастамаймын. Сондай адамды іздеп жүрмін. (күледі) Қатты сүйіп қалсам, анам бар. Бірден миымды шайқап, өз-өзіме келтіріп жібереді. Топтан өзімнің еркіндігім үшін кеткім келді. Әр қыздың арманы бар. Құдай қаласа маған да бұйырсын. Менің де ана болғым келеді», – дейді «КешYOU» тобының экс-әншісі.

Сара Амангелді

Бүгінде Сараның «КешYOU» тобындағы құрбыларымен қарым-қатынасы үзілген. Әріптестер жиі жүздеспейтін болыпты. Оған топтағы қатаң талаптар себеп болса керек…

«Мен оларды жақсы түсінемін. Өйткені мен сол топта ән салған уақытта, мен үйге ұйықтауға ғана келетінмін. «Кешьюде» киноға бару деген үлкен проблема. Ол үшін директорымызға жазып, сұранатын едік. Қыздармен ұрысқан жоқпын. Көрген жерде сәлеміміз түзу», – дейді Сара Амангелді.

Естеріңізге сала кетсек, Сара Амангелді Баян Алагөзова басқаратын продюсерлік орталықтағы «Лашын» тобында ән салып, 2017-ші жылдың басында«КешYOU» ұжымының құрамына қабылданған еді. Бірақ жарты жылдан астам уақыттан кейін, атышулы қыздар тобындағы жұмысын тоқтатқан болатын.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Тағы оқыңыз: 

Жанболат пен Жазира балалы болуға ниеттеніп жүргендерін айтты

Әуелбекова басшы болып тағайындалған мекемеге Nazar тобын да кіргізіп алған

Есболат Беделхан Black Dial тобынан кеткен рэперлерден 96 миллион теңге талап етті

Кенжебек: “Музартқа” алғаш келгенде ақтаулықтар белімізге қыстырған 2 мың долларды түгел мен алдым

Талқылау