Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сапасыз, бір реттік киімдер": Министрлік Азия ойындарына қатысатын спортшылардың киіміне 110 млн теңге жұмсаған

ҚР мәдениет және спорт министрлігі Азия ойындарына қатысатын спортшылардың киімі үшін бюджеттен 110 208 000 теңге жұмсаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото бейнежазбадан алынған

Бұл деректерді "Әділдік жолы" РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов әлеуметтік парақшасында жариялап, спорт комитетін сынға алды.

“Спорт комитеті Азия ойындарына қатысу үшін формаға (аяқ киімсіз) 110 208 000 теңге жұмсады. 600 жинақ үшін. Келісімшарт, әрине, бір ғана тараппен, ешқандай конкурссыз жасалған. Небәрі 2 жылдың ішінде Спортты дамыту дирекциясы формаға 1 164 683 520 теңге жұмсаған және барлық келісімшарттар бір көзден жасалған”, – делінген жазбада.

Фото Дидар Смағұловтың Facebook парақшсынан алынды

Еске сала кетейік, бұған дейін спортшы Алина Сарқұлова Азия ойындарына киетін киімнің сапасына шағымданып, бейнеүндеу жариялаған болатын.

"Бізге берілген форма туралы не айта аламын? Кроссовкалар – минус кроссовкалар. Мен оларды екі рет қана кие алдым. Екі рет жүріп өттім, табаны жыртылып қалды. Жейде – жыртылып қалды. Шалбар - олар жай ғана бөлініп, жыртылып қалады. Формалар бір реттік киюге арналған секілді", – дейді Сарқұлова бейнежазбада. 

Талқылау