Сапарбаев желіде таралған мәйіттерге арналған қап түсірілген видео жайлы сөз қозғады
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев әлеуметтік желіде таралған мәйіттерге арналған қара қаптар түсірілген видео жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кейбір желі қолданушылары видео Таразда түсірілген деп айтыпты.
"Біріншіден, видео авторы дұрыс емес дүние айтады. Ол бұл ақпаратты соңына дейін оқымаған. Негізінен сіздерге айтарым: бірнәрсені жарияламас бұрын хабарламаны толығымен оқып, түсініп алған дұрыс. Мысалы онда бұл Ақтауда түсірілген деп айтылған. Екіншіден, Маңғыстау облысының әкімдігі бұл видеоның Ақтауда түсірілгенін жоққа шығарды. Біздікілер оны Таразда болды деп таратып жіберген. Қалада мұндай жағдай тіркелмеді", - деді Сапарбаев.
Айта кетейік, бұған дейін мөшекке салынған адамдардың денесі түсірілген видео желіде тарап кеткен болатын. Аталмыш жайт жайлы Маңғыстау әкімдігі кең тарап кеткен видеоға қатысты пікір білдіріпті.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады