Санжар Мәдиевтің досымен түскен суреті елдің ойын сан-саққа жүгіртті
Журналист, блогер Әлішер Елікбаев актер Санжар Мәдиевпен түскен суретін жариялап, желі оқырмандарының ойын сан-саққа жүгіртті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Мына сымбатты жігітті ұрлап әкеткенім үшін қандай жаза алуым мүмкін, білесіздер ме? Бұл сұлулық ҚР Қылмыстық Кодексінің алдында өз абыройыма нұқсан келтіруге тұра ма? Айтпақшы, менімен кездесуге Санжар әйелдер аяқ киімін киіп келген сияқты ма?” – деді Елікбаев.
Блогердің бұл жазбасы желідегілердің ойын сан-саққа жүгіртті. Кейбіреулер оны қалжың ретінде қабылдаса, ендігілер санаға жаман ой келгенін жазып жатыр.
“Мына суретіңіз адамға жаман ой салады екен”, “Ең бастысы, Санжарды ел басқаша ойлайтындай құшақтап алыпсыз”, “Мінсіз жұптың эталоны”, “Біртүрлі отырыстарыңыз ыңғайсыз екен”, “Қалжың қалжыңымен, бірақ біздікілер асыра сілтегенді ұнатады, ойыннан өрт шығып жүрмесін”, “Қыз бен жігіт сияқты”, – деп пікір білдірді оқырмандар.
Жіберіп алмаңыз:
Танымал режиссер Ақан Сатаев киноға түсті
«Ninety one» тобы туралы фильмде ел білмейтін құпиялар ашылмақ
Анасының қызы: Айару Бақытбектің купальникпен түскен суреті желіні шулатты
Талай жігіт сөз салған: Танымал журналист не себепті әлі күнге дейін тұрмыс құрмағанын түсіндірді