Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Санитарлық дәрігер Алматыда коронавирустың қайта өршуі немен байланысты екенін айтты

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қала тұрғындары арасында коронавирус жұқтыру оқиғалары санының өсу себептерін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматыда коронавирус жұқтырғандар санының өсу себебі маусым айында қалыптасқан халықтың 44%–ында иммунитеттің болмауы аясында (12 жастан асқан халықтың 20%-ы вакцинацияланбаған, 24%-ында вакцинацияланғанына 6 ай толуымен байланысты ревакцинацияның болмауы) бұрын айналымдағы "омикрон" штаммының және өте жұқпалы мутацияланған "стелс-омикрон" штаммының кіші түрінің жандануы болды.

Бұған демалыс кезінде халықтың әлеуметтік байланысының өсуі, шет елдерге демалысқа шығу, көршілес Ресей мен ҚХР азаматтарының инфекция әкелуі, мүмкін ҚР–ға жұмысқа келуі ықпал етті", - деді Алматы қалалық СЭБД басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаппарова. 



Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 4 шілдеде "Алматы қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы" Қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы қабылданды. Қаулы қала аумағында 7 шілдеден бастап күшіне енді.

"Алматы қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында" Құрбан айт" мерекесі кезінде құрбандық шалу рәсімдері өтетін жерлерде және мешіттерде барлық жеке және заңды тұлғаларға адамдар көп жиналатын жабық үй-жайларда бетперде кию ұсынылды", – деп хабарлады Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Рысбек Арапханұлы
Бейсенбі, 07 Шілде, 2022 12:53
Талқылау