Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында жансақтау бөліміне түскен сарбаз комадан шықты

Жамбыл облысы Отар ауылында әскери борышын өтеп жүрген жерінен жансақтау бөліміне түскен 19 жастағы Нұржігіт Әбділпат комадан шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин/RFE/RL

Қуанышты жаңалықты сарбаздың ата-анасы Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

“Құрметті, қазақстандықтар, бізге ұзақ уақыт бойы қолдау көрсетіп, ұлымыз үшін дұғада болған жандар, белсенді болып, адамгершілік танытқандарыңыз үшін сіздерге шексіз алғыс білдіреміз. Сіздерге сүйіншіміз бар. Ұлымыз комадан шықты. Қазір дәрігерлер айтқандай, ол саңырау күйде. Бізді таныды, бірақ оған трахеостомия жасалғандықтан, сөйлей алмайды. Десе де, жағдайы әлі күнге дейін ауыр, диализ жасалады, ол шамамен 6-8 сағатқа созылады. Осы уақыт аралығында оны уақытша эвтанизациялау керек. Ол өзіне зиян келтірмеуі үшін және жалпы құрылғы зақымдалмас үшін дәрі-дәрмекпен седация жасау қажет. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, бұл үшін оларға ерекше алғыс білдіреміз”, – дейді Нұржігіттің өгей әкесі Тимур Жаналин.



Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысы Отар ауылындағы №30212 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қазір ауыр жағдаймен жансақтау бөлімінде жатқанын жаздық. Анасы Жанна Жаналина ұлын соққыға жығылған деп санайды. Дәрігерлер сарбаздың жағдайы ауыр екенін айтты. Нұржігіт әуелде басы айналып, жүрегі айнығанына шағым білдірген. Анасының айтуынша, cарбазды 8 маусымда Қордайдағы ауруханаға әскерилер алып келген. Сарбазға пневмония диагнозы қойылған. Ал Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің бастапқыда медициналық орталыққа жалпы әлсіздік және дене қызуының көтерілу шағымдарымен жүгінгенін хабарлады.

 

Талқылау