Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Салтанат, сен не өлдің бе" деп айқайлап, пышақпен өзіне қол салмақ болды": Байжанов полицейлер келгенше Бишімбаевты ұстап отырғанын айтты

Әйелі Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Сотта Бишімбаевтың қылмысын жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжановтан жауап алынып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: Видеодан кадр

Байжанов VIP-кабинкада Салтанат қаза болғаны белгілі болған сәтті айтып берді.

"Бишімбаев айғайлап, өзіне қол салу үшін пышақты тартып алды. Ол өзіне қол салмас үшін Қуандықты ұстап отырдым. Жалғыз өзімнің шамам келмеген соң барменді көмекке шақырдым", – деді Байжанов.  

Осылайша олар экс-министрді полиция келгенше ұстап отырған. Байжанов сөзінің соңында өкініп, жәбірленушілерден кешірім сұрады. Егер сот оның шынымен кінәлі екенін анықтаса, жазаға тартылуға дайын екенін мәлімдеді.



Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталған.

Талқылау