Салтанат Нүкенованың туған күніне арналған концерт кейінге шегерілді
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы әлеуметтік желідегі парақшасында ата-анасының денсаулық жағдайына байланысты Салтанаттың туған күніне орай ұйымдастырылып жатқан концерт болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі
Айтбек Амангелді концерттің шегерілуіне бірнеше себептің, соның бірі Салтанаттың ата-анасының шараға қатыса алмайтынын жазған.
"Өкінішке қарай, бірнеше себептерге байланысты 15 мамырда Алматыда концерт болмайды. Біріншіден, бұл ұйымдастырушылық сәттер дайындыққа көп уақытты қажет етеді және біз әлі концерт залымен мәселені шешкен жоқпыз. Екіншіден, қор әлі тіркеу процесінде болғандықтан келісімшарттарға қол қоя алмаймыз. Сондықтан қор атынан төлем жасай алмаймыз. Үшіншіден, мен және ата-аналар оған қатыса алмайтын маңызды сәттер өте көп. Қазір әкем ауруханада пневмониямен ауырып жатыр, ал анам амбулаториялық жағдайда инъекция қабылдап жатыр. Мұның бәрін ескере отырып, "Қамқоршылар қорымен" ақылдаса отырып концертті басқа күнге ауыстыруды шештік. Кейінірек біз барлық қатысушылармен 100% келісімшарттық растау болған кезде концерт күні мен орналасқан жерін хабарлаймыз”, – деді Айтбек Амангелді желідегі жазбасында.
Фото Айтбек Амангелдінің парақшасынан скриншот жасалған
Айта кетейік, концерт 15 мамырда, қаза болған Салтанат Нүкенованың туған күніне орай өтеді деп жоспарланған еді. Жиналған қаражаттың барлығы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмекке жұмсалады.