Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салымшыларға 40% пайда әкелуге уәде берген: Шымкентте "Свой дом" қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

Шымкентте салымшыларға 40% пайда әкелуге уәде беріп, қаржыларын қалтасына басқан қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржылық мониторинг агенттігі "Свой дом" (Өз үйің) қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын мәлімдеді.

Агенттік таратқан ақпаратқа қарағанда, тергеу барысында салымшылардың баюы басқалардың жарналары есебінен жүзеге асырылатын қаражат жинау схемасы анықталған.

“Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары инвесторларға енгізілген сомадан 40% пайда алуға уәде берген. Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды”, – делінген мәліметте.



Салымшыларға келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгені құрайтыны айтылады.

“Сот үкімімен бұл тұлғалар кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды”, – деп қосты агенттік.

Қаржылық мониторинг агенттігі Ққаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертеді.

Талқылау