Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салық декларациясын тапсырмаған қазақстандықтарды қандай жаза күтетіні белгілі болды

Қаржы министрлігі салық декларациясын тапсырмаған қазақстандықтарды қандай жаза күтіп тұрғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: www.seoclerk.com

Министрліктің хабарлауынша, егер жеке тұлға декларация ұсынбаған болса, әкімшілік хаттама жасалады. Ескерту болады, бірақ айыппұл төлеудің қажеті жоқ.

"Егер бұл бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, онда айыппұл 15 АЕК болады. Бұл 51 мың теңгені құрайды, яғни шамамен 3 450 теңге", –  деді Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, декларацияда жыл ішінде бірінші рет толық емес немесе сенімсіз ақпаратты ұсынғаны үшін тек ескерту ғана болады. Ал қайталап бұзған жағдайда 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады, яғни бұл 10 450 теңгені құрайды.

"Алғаш рет салық салу объектілерін жасырғаны үшін жеке табыс салығы сомасының 200 пайызы мөлшерінде айыппұл салынады. Дәл осындай бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл жеке табыс салығы сомасының 300 пайызын құрайды", – деді Қуандықов.

Талқылау