Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев: Димаш әлемге қазақша амандасып тектілігін танытты

Сәкен Майғазиев өнердегі бауыры Димаш Құдайбергеновты жеңісімен құттықтады. Оның қазақ елін барша әлемге таныстырғанын сөз етті.

0жэх

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Текті тамырдан тарағанын танытып, әлеммен қазақша амандасып, қазақша сұxбат беріп, өзге ұлт өкілдеріне баба тілімізде ән шырқатуының өзі бірнеше байқаудың бас жүлдесімен пара-пар. Димашжан, сен миллиондар үшін ғана емес, миллиардтар үшін жеңімпазсың. Сен нағыз әншісің. Ерледің, құлыншақ!» – дейді Сәкен Майғазиев.

Желі қолданушылары да әншінің сөздерін қоштай түсті. «Димашжан, сендей ұлды дүниеге әкелген ата-анаңа рахмет! Биіктерді бағындыра бер», «Алла тіл-көзден сақтасын! Жарайсың, Димаш», «Өнерің өрлей берсін, жарқыным», «Бүкіл қазақтың жүрегі сен деп соқты. Ал алпауыт елдің халқы өз әншілерін емес, сен ән салғанда көздеріне жас алды. Сен өз заманыңның батырысың!», «Димаш балам, сен әлемді дүрсілкіндірдің. Қазақтың тектілігін тағы бір мәрте дәлелдедің» деп жазады олар.

Естеріңізге сала кетсек, Димаш Құдайбергенов 15 сәуір күні өткен байқауда екінші орын алды. Ол финалда әйгілі Майкл Джексонның The Way You Make Me Feel, Dangerous, Billie Jean, Earth song атты әндерін орындады.


Жіберіп алмаңыз:

Димаш: Менің әлі айтарым бар! Бұл бастамасы ғана

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Димашты ары қарай да қолдайтын боламыз

Роза Рымбаева Абай Бегей мен Асхат Тарғынды ұнатпайтынын ашық айтты

Нұртас Айдарбеков келіншегінің туған күнінде немересін көрсетті ме? (фото)

Талқылау