Токио Олимпиадасы: Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты
Бокстан Қазақстан командасының тағы бір өкілі жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сәкеннің қарсыласы – Габриэль Эскобар 1996 жылдың 22 шілдесінде Испанияның Леганес қаласында дүниеге келген. Бүгінге дейін құрлықтық додаларда жеңімпаздар қатарынан көрінді.
Әзірге дүниежүзілік деңгейде жүлде алған жоқ. Бүгінгі жекпе-жекте Сәкен қарсыласымен тартысты жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.
Сәкен Бибосынов бірінші жекпе-жегінде Пуэрто-Рикодан келген Янкиель Ривераны 4:1 есебімен жеңсе, одан кейін франциялық Биллал Беннамнан 5:0 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, бұдан бұрын жартылай финалға Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) шыққан болатын.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар