"Сақ болыңыздар": Тәуекел Мүсілім ұрлықтың құрбаны болды
Тәуекел Мүсілім ұрлықтың құрбаны болды. Актердің велосипедін тапа-тал түсте өзі тұрып жатқан тұрғын үйдің подъезінен алып кеткен. Тұрғын үйде күзет пен бейнебақылау камерасының болуы әккі ұрыларды тоқтатпапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"23 маусым күні күзеті, бейнебақылауы бар тұрғын үй кешенінде түскі 12:00-де болған жағдай. Бір жыл бойы подъезде тұрған велосипедті ұрлап алып кетті. Сондықтан бей-жай қарамаңыздар. Құлыптарыңыз болса, соған байлап қойыңыздар. Қазіргі ұрылар Алладан қорықпайды, күзетті менсінбейді, видеобақылауды қыстырмайды. Ал біздің полицейлердің іздеуге мүлдем қауқары жоқ", - деді Мүсілім.
Актер бір ай бойы полициядан үміттеніп, үнсіз келгенін атап өтті.
"Бірақ босқа үміттеніппін. Бұл видео арқылы көпшілікке "мен сияқты бейқам болмаңыздар" дегім келеді. Дұрысы құлыпқа қойыңыздар. Сақтанғанды Құдай сақтайды", - деп ескертті актер.

Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"