Сайранда келушілерді балағаттаймын деп әншілер істі болды
Алматыда келушілерге былапыт сөздер айтқан ер адам мен әйел ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан Сайранда ән айтып отырған екі азаматтың келушілерді балағаттап жатқанын көруге болады. Жанжалдың неден басталғаны белгісіз
Полиция микрофонды ұстап, балағат сөздер айтқан әншілерді анықтап, үстінен ұсақ бұзақылық бабымен әкімшілік іс қозғаған.
“Жиналған материалдар сотқа жолданды. Алматы қаласының полициясы қоғамдық орындарда айналадағыларға құрметсіздік таныту, былапыт сөздер айту және қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
Заң мен тәртіп – әр адамның мәдениетті мінез-құлқы мен өзара сыйластығынан басталады”, – делінген хабарламада.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?