Саин көшесіндегі автобус жолағы уақытша алып тасталады – Әкімдік
Алматыда Саин көшесінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақты ұйымдастыру бойынша пилоттық жоба аяқталды. 31 тамыздан бастап автобус жолағы алып тасталынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қоғамдық көлікке арналған жолақтың алынып тасталатынын 26 тамыз күні Алматы әкімдігі Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасына сілтеме жасап мәлімдеді.
“Сынақ кезеңі аяқталған соң енді кешенді жоспардың келесі кезеңіне өту басталды. Бұл кезеңде қаланың басқа жол учаскелерін дайындау мен қажетті нормативтік ережелерді бекіту жұмыстары жүргізіледі”, – делінген әкімдік хабарламасында.
Неге бұл жолақ уақытша алынады?
Пилоттық жоба аяқталды. Бұл автобус жолағын жеке бір көшеде емес, тұтас қаланы қамтитын (Әл-Фараби – Саин – Рысқұлов – Шығыс айналма автожолы) үлкен айналма жол жүйесіне қосу үшін уақытша тоқтатты. Қажетті құжаттар мен жол инфрақұрылымы толық дайын болған соң, бұл жолақ қайта қайтарылады.
Сынақ қандай нәтиже берді?
Жолақтың арқасында автобустардың жұмысы едәуір жақсарған:
Жылдамдық артты: Таңғы және кешкі қарбалас сәтте автобустардың жүру жылдамдығы 21%-ға жылдамдады.
Күту уақыты азайды: Автобустардың келу аралығы 13,6 минуттан 11,6-12 минутқа дейін қысқарды.
Жолаушы көбейді: Автобуспен жүретін халық саны күнделікті 42,3 мыңнан 44,5 мыңға (5%-ға) өсті.
Қажетті нормативтік шешімдер мен тиісті инфрақұрылым дайындалғаннан кейін Саин көшесіндегі басым қозғалыс кешенді схеманың құрамында қайта іске асырылады деп жоспарлануда, деп толықтырды әкімдік.
Еске салайық, осыдан бір ай бұрын Алматы әкімдігі ауқымды көлік реформасын жариялады. Онда жаңа автобус жолақтарын енгізу туралы айтылған еді. Енді Саин көшесінде қоғамдық көлікке арнап арнайы жолақтың таңбалары сызылып қойды. Ол Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Қазір жоба пилоттық режимде іске қосылды.
LRT, кептеліс және студенттер ағыны: Алматы көлік жүктемесін қалай көтермек?
