Алматыдағы Саин көшесінің бір бөлігінде жылдамдық шегі төмендетілді

Алматыда Саин көшесінің кей бөлігінде көлік жылдамдығына жаңа шектеу енгізілді. Енді Райымбек даңғылы мен Төле би көшесінің аралығында сағатына 80 шақырымның орнына 60 шақырым жылдамдықпен жүру қажет. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Саин көшесінде жылдамдық шегі өзгергені туралы ақпарат тарады. Кейбірі Саин көшесінің барлық бөлігінде жылдамдық шегі өзгергенін жазса, енді бірі бұрынғы 80 шақырымдық режим сақталғанын мәлімдеді.
ОқыңызАл Алматы қалалық мобильділік басқармасы өзгерістің тек белгілі бір учаскеге қатысты екенін түсіндірді.
Басқарма мәліметінше, Саин көшесінде Райымбек даңғылынан Төле би көшесіне дейін қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ ұйымдастырылып, қозғалыс сызбасы қайта қаралған. Қолданыстағы жолақтардың ені өзгертіліп, көлік қозғалысына төрт жолақ қарастырылған.
Райымбек даңғылы мен Төле би көшесіндегі жолайрықтарға кіріп-шығатын көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы аралықтағы ең жоғары жылдамдық сағатына 60 шақырым болып белгіленді.
Яғни жаңа шектеу Саин көшесінің барлық бөлігіне емес, тек Райымбек даңғылы мен Төле би көшесінің аралығына енгізілген.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін