Сағынтаев Алматының екі миллионыншы тұрғыны кім екенін айтты
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың екі миллионыншы тұрғынының есімін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазірдің өзінде қазақстандықтар 19 миллионға жетті. Ал Алматы халқының саны екі миллионнан асты!
Аяла Жамбыл екі миллионыншы тұрғын атанды. Ол полиция қызметкері Бейбіт Әбілдаев пен балабақша тәрбиешісі Әлия Жәнібекованың отбасындағы алтыншы қыз. Денсаулық, амандық пен бақыт тілеймін!", – деп жазды өңір әкімі Facebook желісіндегі парақшасында.
Алматыдағы миллионыншы адам КСРО кезеңінде туған, яғни 1981 жылдың 19 желтоқсанында өмірге келген. Ол – Бауыржан Қадірсізов есімді қала тұрғыны.
Айта кетсек, Алматы халқының саны екі миллионнан асқан болатын.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"