Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғынына 1 миллион теңге сыйақы берілді

Қазақстанның 19 миллион тұрғыны атанған сәби Жания Азаматқызының отбасына бір миллион теңге көлемінде сертификат берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып.

20 маусымда Алматы қаласының перинаталдық орталығында Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. Бүлдіршін түнгі сағат 2:00-де Алматы облысы Іле ауданы Чапаев ауылында тұратын 1982 жылы туған азамат Нұрғалиев пен 1986 жылы туған Назгүл Көбентаеваның отбасында дүниеге келген. Қыз отбасындағы төртінші бала.

Жанияның ата-аналарын құттықтауға Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дәндібаев пен Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев келді. Оларға мықты денсаулық және бақытты өмір тіледі. Сондай-ақ Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың атынан отбасына 1 000 000 теңге көлемінде алғыс хат пен сертификат, сондай-ақ балаларға сыйлықтар табыс етілді.

"Жанияның ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығында дүниеге келуінің символдық мәні бар. Сәбидің дүниеге келуі бір отбасына ғана емес, барлық қазақстандықтарға қуаныш әкелді. Бұл бала отбасындағы төртінші қыз. Жақын арада олардың мұрагері болады деп үміттенеміз", – деді әкімнің орынбасары.

Әкесі Азамат Нұрғалиевтің айтуынша, бұл оқиға бүкіл отбасы үшін күтпеген жағдай болыпты.

"Біз бастапқыда сенбедік, қателескен деп ойладық. Учаскелік дәрігер бізге қоңырау шалып, бізді әкімдіктен іздеп жатқанын айтқан кезде ғана сендік. Біздің қызымыз бақытты сәби боп дүниеге келді. Біз оған лайықты тәрбие беруге тырысамыз", – деді ол.

Өз кезегінде жаңа туған нәрестенің анасы Жәния ерекше бала екенін айтты.

"Жәгния біз үшін көптен күткен бала, біз оны шамамен 5-6 жыл күттік. Біздің қызымыз туғаннан бастап бүкіл Қазақстанға танымал болды, болашақта ол біздің елімізде танымал болады деп үміттенемін", – деді ол. 

Талқылау