Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Садыр Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі болды

Садыр Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі болды. Жоғорку Кенеш Садыр Жапаровтың премьер-министр қызметіне кандидатурасын Ала-Арчадағы кездесу кезінде мақұлдады.

Sputnik Қырғызстан хабарлағандай, үкімет басшысы лауазымына кандидатураны қарау кезектен тыс отырыстың күн тәртібіндегі мәселелердің бірі болды. Бұған дейін Жапаров министрлер кабинеті елдегі жағдайға байланысты өзгермейді деп мәлімдеген. Ол бұл жайлы Жоғорку Кенештің кезектен тыс сессиясында депутаттарға  айтты.

«Бір Бол» фракциясының жетекшісі Алтынбек Сүлейманов Жапаров президенттің міндетін атқарушы бола алатындығын атап өтті. Ол атап өткендей, Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес, президент отставкаға кеткен жағдайда оның міндеттері парламент спикеріне жүктелген, бірақ бүгін спикер де отставкаға кетті.

Осылайша, президенттік өкілеттіктер үкімет басшысына берілуі керек. РИА Новостидің хабарлауынша, парламент Садыр Жапаров басқарған министрлер кабинетінің жаңа құрамын бірауыздан мақұлдады. 

Талқылау