Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Садыр Жапаров Голливуд жұлдызымен Ыстықкөл жағасында кездесті

Ресей азаматтығын алған танымал америкалық актер Стивен Сигал Қырғызстанға келіп, ел басшысы Садыр Жапаровпен кездесті. Олардың Ыстықкөл жағасында бірге түскен суреті ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Кездесу туралы президенттің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов қысқаша айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото Асқат Алагөзовтің жеке парақшасынан алынған

Президенттің баспасөз хатшысы 2 шілдеде жазба жариялап, кездесу туралы айтты.

"Әйгілі актер Стивен Сигал Қырғызстанға келді. Актер Ыстықкөл жағасында президент Садыр Жапаровпен кездесіп сөйлесті", – делінген 2024 жылдың 2 шілдесінде Facebook парақшасында.

Әңгіменің мазмұны туралы ары қарай жазылмаған. Ал желі қолданушылары жарыса пікір жазды.

"Керемет, атақты адам. Оның фильмдерін үлкен қызығушылықпен қарайтын едім", "Стивен бізге жиі келіп жүр", "Бұл актердің бізге 2022 жылы келген сәттегі суреті екен", – деді оқырмандар.

Фото желі қолданушысының жеке архивінен алынған

Айта кетейік, 72 жастағы Стивен Сигал экшн-фильмдердегі рөлдерімен және айкидодағы шеберлігімен танылған. Ол 2016 жылы Ресей азаматтығын алып, белсенді саясаткерге де айналды. Сигал "Әділ Ресей – Ақиқат үшін" партиясына қосылды және 2018 жылдан бері Ресей Сыртқы істер министрлігінің Ресей мен АҚШ арасындағы гуманитарлық байланыстар жөніндегі арнайы өкілі қызметін атқарып келеді.

Талқылау