Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты. Спортшы қыз 2020 жылдың соңында ақ келін атанды. 

Бұл туралы сүйінші хабарды Сабинаның өзі хабарлады. 

"2020 жылды ең керемет азаматтың жары ретінде аяқтаймын", - деп жазды спортшы қыз желіде

Желі қолданушылары үшін бұл таңғаларлық жаңалық еді. Ақ тілегін арнап, құттықтасып жатыр. Енді бірі спортшы қыздың жұбайы кім екенін білгісі келіп, сауал жолдады. 

"Тосын жаңалық болды", "Құттықтаймын, некелеріңіз мәңгілік болсын", "Мен сізді Қуат Найманмен қосып жүрсем", "Бақытты болыңыздар, тек жақсылық тілеймін", "Кімнің жары атандыңыз?", "Жолдасыңыз жайлы айтып кетіңізші", "Қуат Хамитовке ауыр болды", "Әркімнің өз тағдыры бар, бақытты болыңыз", "

Алла некеңізді қайырлы етсін", "Құтты болсын ! Бізге де жұғысты болсын", "Аллаһ некеңізді берекелі етсін", - деп жазды олар. 



Сабина Алтынбекова 2014 жылы Азия чемпионатынан кейін ең сымбатты спортшы ретінде танылды. 

Бұған дейін спортшы Қуат Хамитов Сабина Алтынбековаға ғашық екенін айтқан еді. Оны өзінің жары ретінде көргісі келетінін жасырмады. Ал Алтынбекова Хамитовпен өмірде бір рет қана кездескенін айтып ақталды. 

Талқылау