Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сабина Алтынбекова Қуат Хамитовпен қатынасы жайлы ашық айтты

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Instagram-дағы жазылушыларының сұрақтарына жауап берді. Спортшы қыз жеке өмірі жайлы сұрақтарға жауап берді.

Сабина қазақстандық файтер Қуат Хамитовпен қарым-қатынасы жайлы ашық айтты. Қуат Хамитов Сабина Алтынбековамен үйленгісі келетінін бірнеше рет айтқан еді. Екі спортшының желідегі жазбасы көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Алайда Алтынбекова Қуатпен ешқандай  қатынас жоқ деп мәлімдеді. 

"Мен Қуатты өмірімде бір-ақ рет көргенмін. Онымен кездеспеймін", - деді Сабина.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қуат Хамитов Сабина Алтынбекованы шынымен ұнататынын және оған үйленетінін айтқан болатын. Сабинаның өзі Хамитовты құрметтейтінін мойындап, оған спорттық жетістіктерде сәттілік тіледі. Спортшы өзінің жеке жетістіктері туралы үнсіз қалды.

Хамитов Сабинамен не себепті үйленгісі келетінін ашық айтты. Ал Алтынбекова бейтаныс жігіттің суретін жариялап, өзіне үйленгісі келетінін айтқан еді. Бұл Хамитовтың ашуын келтірді.

Талқылау