Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Рұқсатсыз ата-анасының көлігін айдаған": Ақтауда 15 жастағы жасөспірім жол ережесін бұзып, полициядан қашпақ болған

Ақтауда он бес жастағы жасөспірім ата-анасының көлігін ұрлап, жоғары жылдамдықта полициядан қашпақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Лада Ақтау” порталына сілтеме жасап.

Оқиға 19 мамыр күні кешке 30-шы шағын аудандағы саяжайда болған. Жасөспірім ата-анасының көлігіне мінуді шешіп, олардан сұрамай алып кеткен. Полицейлердің көзіне түскен ол жоғары жылдамдықпен жол ережесін бұзып, төтенше жағдай туғызып, қашып кетпек болған. Жас тәртіп бұзушы Hyundai Tucson көлігінде жол ережесін бұзған. Нәтижесінде тәртіп сақшылары құқық бұзушының көлігін тоқтатып үлгерді.

Полицияның мәліметінше рульдегі 15 жастағы жасөспірім мас күйде болмаған.

“Мән-жайды анықтау барысында 15 жастағы жасөспірім рұқсатсыз көлік кілтін алып кеткені анықталды. Құқық бұзушы кәмелетке толмағандықтан ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы "Көлік құралын құжатсыз және жүргізу құқығынсыз адамның басқаруы" және 591-бабы "Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонын пайдалану" бойынша жауапкершілікке тартылады", – деп түсіндірді полиция.


Талқылау