Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Рымбаева сырқаттанып тұрғанына қарамастан жанды дауыста ән шырқады

Әнші Ақбота Керімбекова әлеуметтік желіде  Роза Қуанышқызының сахнда ән айтып тұрған сәтінен үзінді жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

instagram.com/rozarymbaeva

15 желтоқсан күні Халық артисі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Роза Рымбаева мерейтойлық ән кешін өткізді. 

Әншінің өнердегі әріптесі Ақбота Керімбекова Роза Қуанышқызының концерт алдында тұмауратып қалғанын айтты.

“Роза Қуанышқызы концерт алдында қатты тұмауратып қалыпты. Соған қарамастан 100 пайыз жанды дауыста ән шырқап шықты”, – деп жазды ол.

Ақбота Керімбекова концертке өзі қатыса алмаса да оның деңгейін халықтың ыстық ықыласынан, естелік бейнежазбалардан сезгенін жеткізді.

Сондай-ақ, ол Роза Рымбаеваға тілегін арнап, жылы лебізін білдірді.

“Роза Қуанышқызы, сізге ауыруға, қартаюға болмайды, сіз Қазақ эстрадасын әлі талай биікке жетелеуіңіз керек! Халық Сізді қатты жақсы көреді, мен де”, – деп жазды Ақбота өз парақшасында.

 

Талқылау