Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Роскосмос" басшысы ғарыш кемесіне иелік ететін қазақстандықты іздестіруде

"Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин Байқоңырда сақталған "Буран" кемесінің иесін табуға тырысып жатыр. Оған қазақстандық азамат иелік етеді екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Буран" Қазақстанның жеке тұлғасына тиесілі. Міне, осындай жағдай. Мен оны алуға, сатып алуға тырыстым, бірақ оның иесінің артында кім тұрғанын түсіне алмадым. Бұл монтаждау және сынау корпусында тұрған "Энергия-М" зымыранына да қатысты", - деп жазды "Роскосмос" басшысы.

"Буран" зымыраны -  95-97% ұшуға дайын болған және монтаждау-жанармай құю кешенінде орналасқан кеменің екінші көшірмесі. Ашық мәліметтер бойынша, ол 1991 жылы "Мир" станциясынан ұшуы керек еді.

Аталған зымыран 2002 жылы "Байқоңырдағы" монтаждау-сынау корпусының шатырынан құлап, қирады. Содан соң, 12 мамырда түстен кейін, МСК шатырын жөндеу кезінде ғарыш алаңының шатыры құлады. Жеті монтажшы қаза болды.

"Буран" орбиталық кемесі өзінің алғашқы және жалғыз ғарыштық ұшуын 1988 жылдың 15 қарашасында жасады. Ұшу ұзақтығы 205 минутты құрады, кеме жерді екі рет айналып өтті. Ұшу борттық компьютер мен борттық бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, автоматты режимде экипажсыз өтті. Бұл факт Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Талқылау