"Rolex сыйладым": Фариза Төреәлі күйеуі Дархан Нортаевты туған күнімен ерекше құттықтады
Желі жұлдызы, блогер Фариза Төреәлі күйеуі, спортшы Дархан Нортаевты туған күнімен құттықтап, жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali
Спортшы 27 жасқа толып жатыр. Жұлдызды жұп Оңтүстік Корея еліне саяхатқа аттанған.
“Туған күніңізбен, Алла қосқан жан-жарым. Мен үшін ең керемет жар, Дара үшін ең қамқор әке, біз сізді жақсы көреміз. Әр күнімізді мереке етіп, біз үшін бәрін жасап жүргеніңіз үшін шексіз алғыс. Былтыр Rolex сыйласам, бұл жылы Дараны сыйладым. Жылдан жылға көбейе берейік, сүйіктім", – деп жазды блогер.
-
"Ең дәмдісін, ең тәттісін береміз": Фариза Төреәлі сегіз айлық қызына жан сырын ақтарды
-
"Парижге жолдама": Фариза Төреәлі әкесінің туған күнінде ерекше жазба жариялады
Айта кетейік, эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлі сахнада күйеу баласының туған күнімен құттықтады.
Өнер иесі қарындасы Фаризаның күйеуі Дархан Нортаевтың туған күніне сахнада ән шырқап тұрып ерекше құттықтау жолдады.
“Туған күнің құтты болсын, чемпион", – деп тыңдарман қауыммен бірге айтты.
Еске салайық, оған дейін Фариза Төреәлі қатерлі ісікпен күресіп жатқан жақынына бір күнде 46 миллион теңге жинап бергенін жазған едік.