Tesla зауытында робот адамға шабуыл жасады
Техас штатында робот-манипулятор Tesla зауытында жұмыс істеп жатқан инженерге шабуыл жасап, ауыр жарақаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DailyMail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңадан құйылған алюминийден жасалған автомобиль бөлшектерін алуға және жылжытуға арналған машинадан жұмыс кезінде ақау шығып, оның қолдары жақын маңдағы инженерге тиіп кеткен. Ер адам қолынан және арқасынан ашық жарақат алды.
Қайғылы оқиға Tesla автомобиль шығаратын зауытында 2021 жылы орын алған. Алайда бұл жағдай енді ғана белгілі болды. Себебі зауыт 2021 жыл және 2022 жылы өзінің жылдық есептерінде роботтардың әрекетімен болған жағдайлар туралы жақ ашпаған. Өйткені бұл мәселе ерекше бақылауға алынып, бөлек аталып өтілген.
Бірнеше күн бұрын Илон Масктың Tesla компаниясы қауіпті болуы мүмкін мәселеге байланысты 120 мың электромобильді сатылымнан қайтарып алғаны белгілі болды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"