Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық экономика вице-министрі елімізде риелторлық қызметті бақылауға алатын заңның жоқ екенін айтты

Мәжіліс депутаттары елімізде риелторлардың жұмысын бақылайтын заңның жоқтығын айтып, бастама көтерген еді. Осыған қатысты ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 


Вице-министр елімізде риелторлардың қызметін бақылауға алуға құқықтық негіз болатын заңның жоқ екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, заңдық тұрғыдан реттеуге қажеттілік бар. 

"Біз бұл мәселеге талдау жасадық. Риелторлар жұмысын реттеу қажеттілігі бар. Олардың тұтынушылармен жұмыс істеу кезіндегі процесс мінсіз емес. Олардың қарым-қатынасын заң тұрғысынан бекіту керек. Депутаттар осы мәселені көтерді. Шетелден келушілер көбейген кезде (Украинадағы әскери операцияға байланысты Ресейден келушілер көбейіп кеткен кезде) осындай проблема бар екені байқалып қалды. Әзірге заңның қажет екені ғана анықталды. Бұл заңда көрсетілетін ең басты, маңызды дүние – тұтынушы құқығы мен риелтор құқығы", – деді ол. 

Еске салайық, Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков өзінің депутаттық сауалында Қазақстандағы риелторларды бақылау қажет екенін мәлімдеген. Депутат қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті риелторлар арқылы сатуға немесе сатып алуға тырысқанда кездесетін проблеманы көтеріп, нәтижесінде риелторлық компанияларға көрсетілмеген немесе сапасыз көрсетілген қызметтер үшін ақша төлейтінін айтты.

Оның айтуынша, мемлекетте риэлторларды да, төрелік соттарды да бақылаудың қандай да бір құралдары жоқ, демек қазақстандықтардың құқықтарын қорғауды толық қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ. Соңғы үш жылда Қазақстанда жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерінің саны шамамен 1,5 млн теңгеге жеткен. Оның пікірінше, танымал сайттарда жылжымайтын мүлікті сату туралы хабарландырулардың кем дегенде жартысын риэлторлар жариялайды.

Еске сала кетейік, елімізге ресейліктер көптеп келген кезде Қазақстанда "пәтерді тек ресейліктерге жалға береміз" деген хабарламалар қаптап кеткенін жазған болатынбыз.

Талқылау