Риддердегі жылу электр станциясында өрт болды (видео)
19 қаңтарда әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласында ЖЭО өртінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бейне Instagram парақтарының бірінде жарияланған.
"Жанармай беру цехында өрт болды. Қазіргі уақытта жалын сөндірілді, зардап шеккендер жоқ", – делінген видеоның жазбасында.
Хабарламада уақытша жылу беру тоқтатылатыны айтылған.
ШҚО әкімдігі оқиға туралы түсініктеме берді. Өңір әкімі Даниал Ахметов Риддерге барған.
Осыған дейін Риддер жылу электр орталығындағы багер станциясында апат болғаны хабарланды. Қаладағы үйлер суығанын айтып, халық шағымданған еді.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"