Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риддерде жылу-электр станциясындағы апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды: Қалада 22 мың отбасы жылусыз қалды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жылу-электр станциясында апат болып, 22 мың отбасы жылусыз қалды. Сонымен қатар төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

риддер тэц

5 қарашада "Риддер ТЭЦ" АҚ-да күлді қатты күйде шығару жүйесіндегі сорғы істен шығып, салдарынан №1 қазанагрегатының көмекші жабдығы өшіп қалған. Құрылғыдағы температура +70 градустан +39 градусқа дейін төмендеп кеткен. 

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Риддер қаласына шұғыл жеткен. Апаттан кейін тәулік бойы жұмыс істейтін штаб құрылған. Сонымен қатар жылу станциясына мамандар тартылды. 

Қалада оқушылар қашықтан оқу режиміне ауыстырылды. Балабақшалар уақытша жұмыс істемейді. 

Айта кетейік, Риддер тұрғындары 24 қазанда да жылусыз қалған еді. Бұл кезде мазут сапасыз болғандықтан жылу электр орталығы тоқтады. 

“Құрметті жерлестер, Риддер қаласында қолайсыз жағдай орын алды. Риддер ЖЭО басшылығы мазуттың сапасын бақыламай, ол сумен араласып, нәтижесінде жылу станциясының қазандықтары уақытша тоқтады. Шұғыл түрде менің басшылығыммен жедел штаб құрылды”, – деді облыс әкімі.

Талқылау