Риддер әкімі Дәулет Батырбаев қызметінен кетті
Риддер әкімі Дәулет Батырбаев 8 айдан кейін өз еркімен әкімдік қызметтен кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Noks.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Риддер қаласының әкімдігі
Бұрынғы қала басшысының айтуынша, қызметтен кетуіне отбасылық жағдай себеп болған.
Аз уақытта біз көп нәрсе істеп үлгердік. Қаланың жылу жүйесіндегі апаттың алдын алдық, екі жаңа мектеп құрылысына себеп болдық. Тұрғын үйлер мен кәсіпорындардан еріген суды бұру бойынша көктемгі сынақтан өтіп, қоғамдық көліктегі шиеленістерді сейілттік. Қоғамдық көліктегі шиеленісті азайттық. Қалада мәдени ойын-сауық шаралар көбейді", – дейді Дәулет Батырбаев.
ДәулетБатырбаевтың айтуынша, әлеуметтік желідегі сын қаладағы түйткілді мәселелерді шешуге көмектесті.
“Жаңа басшылық барлық жоспарды жүзеге асырады деп үміттенемін. Осылайша азаматтардың өмірі жақсарады деп сенемін", – деп сөзін қорытындылады бұрынғы әкім.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар