Рыбакина мен Путинцева Мадридтегі турнирдің ширек финалында кездеседі
Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Испанияда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында жолығады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Отандастарымыз Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан WTA 1000 - Mutua Madrid Open турнирінің үшінші айналымында жеңіске жетіп, ширек финалға шықты. Рыбакина чехиялық Сара Бейлекті екі сетте 6:1, 6:3 есебімен жеңсе, Путинцева әлемдік рейтингте 10-орында тұрған, ресейлік Дарья Касаткинаны үш сетте 3:6, 6:2, 6:2 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды. Енді екеуі ширек финалда бір-біріне қарсы ойнап, жартылай финалдың жолдамасы үшін таласады.
Айта кетейік, Елена Рыбакина кейінгі рет Штутгарттағы беделді турнирде жеңіске жетіп, Porsche Taycan көлігін иеленсе, Путинцева әзірше үлкен додаларда топ жарған жоқ.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды

