Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейліктердің кенеттен Қазақстанға сапар шегуге қызығушылығы арта бастаған

Осы көктемде Қазақстан мен Беларусь елдеріне баратын ресейлік саяхатшылар саны күрт өскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстан мен Беларуське билеттерді брондап қою жағдайлары сәйкесінше 2,5 және 2,6 есе өсті. Бұл туралы OneTwoTrip саяхат жоспарлау қызметінің зерттеуінде. 

Сонымен қатар, ресейліктер Грузия мен БАӘ-де демалуға көбірек қызығушылық танытқан. Бұл елдерге ұшуға сұраныс 40 және 35 пайызға артқан. Сонымен бірге ресейліктердің Қырғызстанға деген қызушылығы 25 пайызға ал Әзірбайжанға 9 пайызға төмендегені көрсетілген.



Көктемнің ең танымал ішкі бағыттары Мәскеу, Санкт-Петербург және Сочи қалалары болды. Мәселен, Санкт-Петербургке авиабилеттерді брондау саны бір жылда 17 пайызға, Сочиде — 15 пайызға өссе, Мәскеуге ұшатындар саны тоғыз пайызға төмендеген. 

Бұнымен қоса консалтингтік, қаржылық және IT-компаниялардың қызметкерлері кері жол жүру билеттерін сатып алмай, шетелге жиі шыға бастаған. Қазақстан, Түркия және Өзбекстан ең жиі ұшқан бағыттар болды. 

Талқылау