Ресейлік журналист соғыс жайлы жазбасы үшін 6 жылға сотталды
Барнауыл соты журналист Мария Пономаренконы Ресей армиясы туралы "қауесет" таратқаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оған 5 жыл журналистік қызметпен айналысуға тыйым салды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

RusNews-тің жазуынша, ол Ресей армиясы туралы жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылды.
44 жастағы Мария Пономаренко өткен жылдың сәуір айында ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, наурыз айының ортасында ол Telegram-да "жалған ақпарат" жариялады. Ол Ресей әскери күштері Мариупольдегі драма театрына әуе шабуылын жасады деп жазған.
Тергеушілер бұған дейін журналист қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.
Сот Пономаренкоға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ оған 5 жыл журналистік қызметпен айналысуға тыйым салды.
Мария Пономаренко өзін қылмыскер санамайтынын айтты.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Кезінде топтық зорлыққа ұшыраған Наталья Қалымбетова 30 жылдан кейін жан сырын ақтарды
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"