Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушылардың бірі Қазақстан азаматтығын алды

Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Ресей Гран-при кезеңі және Ресей кубогы финалының жеңімпазы 16 жастағы Софья Самоделкина Қазақстан азаматтығына алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

16 жасар Самоделкинаның Қазақстан атынан жарысқа қатысу ниеті бар көрінеді. Мәнерлеп сырғанаушының анасы ресейлік мәнерлеп сырғанау федерациясының бұл әрекетке қандай реакция білдіретіні қызық екенін айтты.

"Федерациядан сұраңызшы. Бізге де федерация не деп жауап беретіні қызық. Әзірге ештеңе айтпаймыз", - деді Марина Самоделкина.

Ал "Match TV" мәнерлеп сырғанаушының Қазақстан төлқұжатын алып үлгергенін хабарлады.

"Самоделкина жеделдетілген азаматтық алды. Өйткені оның отбасындағы туысы Қазақстанда дүниеге келген. Ол төлқұжатын алды, Ресей мәнерлеп сырғанау федерациясының шығаруын күтіп отыр", - деп хабарлады арна.

Кейбір мәліметтер бойынша, Самоделкина Қазақстан құрамасында 2024 жылдың мамыр айынан бастап ойнайды.

Өткен маусымда Самоделкина Самарада өткен Ресей Гран-приінде Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Александра Трусованы басып озды. Спортшы 2020 жылы жасөспірімдер арасындағы Ресей кубогының финалында да жеңіске жеткен. Жаттығуда конькиші төрт қарғып секірудің барлық түрін орындады. Жарыс кезінде коньки тебуде ол үштік аксель, төрттік люц және сальхоны таза орындады.

Талқылау