Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар көңіл-күйді көтеретін құлаққап жасап шығарды

Neiry биотехнологиялық зертханасы мен В.М.Бехтерева атындағы Ұлттық психиатрия және неврология ғылыми-зерттеу орталығы бірлесіп Neiry Buds құлаққабын жасап шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі IXBT сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ixbt

Ресейлік Neiry компаниясының баспасөз қызметі аталмыш құлаққап Ресейдегі алғашқы, әлем бойынша санаулы құрылғының бірі екенін айтады. Қазір құлаққапты клиникалық сынақтан өткізіп жатыр. Ал кең ауқымды тестілеу 2024 жылдың соңында қолға алынбақ. Neiry Buds құлаққабының бағасы әзірге белгісіз. 

Құрастырушылардың айтуынша, құлақ жолында орналасатын кезбе жүйкесін қоздыратын әлсіз электр зарядтары құлаққаптағы “көңіл-күйді жақсарту” функциясын іске қосады. Олардың сөзіне сенсек, бұл ешқандай ауырсыну тудырмайды. 

Құлаққаптар негізінен психоэмоционалды күймен жұмыс істеуге арналған:

  • Ұйқысыздық;
  • Мазасыздық пен күйзеліс;
  • Бас ауруы;
  • Түрлі ауырсыну сезімдері.

Құлаққапты құрастырған мамандар “көңіл-күйді жақсартатын” функция жүйке жүйесінің қалыпқа келуіне көмектесетінін айтады. 

Бұған дейін қазақстандық ғалым қатерлі ісікке қарсы препарат жасап шығарған еді. 

Талқылау