Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атағы шыққан маньяк 17 жыл түрмеде отырып, бостандыққа шықты

70 жастағы Виктор Мохов екі қызды сексуалды құлдықта ұстағаны үшін 17 жыл колонияда отырып, енді бостандыққа шыққан. Бұл туралы РИА Новости-ге сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Оның айтуынша, сотталушы 3 наурыз күні таңертең жазасын өтеп жатқан Саратов облысындағы колониядан шыққан. Ол пойызбен Рязань облысына туған жеріне аттанған.

Енді 70 жастағы Виктор алты жыл бойы құқық қорғау органдарының қадағалауында болады. Моховқа бұқаралық шараларға баруға, түнде серуендеуге және Скопинск ауданынан тыс жерлерге рұқсатсыз шығуға тыйым салынады. Ол сондай-ақ, айына екі рет полицияға тексерілуі керек болады. 

Колония әкімшілігінің сипаттамасы бойынша, Мохов түзелу жолына түспегенін, қылмысты жартылай мойындаған. Мерзімін өтеу кезінде оның мінездемесі жағымсыз болған.  Тәрбиелік сипаттағы іс-шараларға дұрыс қатыспаған, қажет болған жағдайда ғана отрядтың қоғамдық өміріне қатысты.



2000 жылы Мохов 14 жастағы Екатерина Мартынова мен 17 жастағы Елена Самохинаны үйге апарып тастауды ұсынған. Оларға алкоголь беріп, ішіне ұйықтататын дәрі қосып берген. Сөйтіп қыздарды үш жыл жеті ай құлдықта ұстаған. Келесі 1296 күн мектеп оқушылары секс-құл ретінде өмірлерін бункерде өткізген, оны маньяк гараж астында өз учаскесінде алдын ала қазып алған.

Қыздар бағынбаған үшін педофил тұтқындарды тамақ, су және жарықтан айырды, жертөледе көзден жас ағызатын газ сеуіп отырған. Мектеп оқушыларының бірі, 17 жастағы Елена Самохина Моховтан екі рет бала босанған. Екі қыз өздерін құтқаруды сұрап хат жазып жіберген. Осылайша бостандыққа шыққан. 

Екатерина Мартынова өз сұхбатында қылмыскердің жақында бостандыққа шығуы өзін алаңдататынын жеткізді.

"Қорқамын деп айта алмаймын, бірақ мені 3,5 жылдық өмірден айырған азаптаушымның жақында босатылып, қалыпты өмір сүруді жалғастыратыны маған ауыртпалық түсіріп отыр", - деді Мартынова.

Талқылау