Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік әнші Елка Алматыда бейнебаян түсірді (видео)

Танымал ресейлік әнші Елка мен рэпер Loc-Dog Алматыда бейнебаян түсірді. Жаңа туынды «До солнца» деп аталады. Бейнебаян режиссері Медет Шаяхметовтың айтуынша, олар Алматыны әсем табиғатына бола таңдаған, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Ресейлік әнші Елка Алматыда бейнебаян түсірді (видео)

«Клип сценарийін Мәскеуде ойластырдық. Әннің өзі бізге сюжеттің қандай болатынын түсіндіргендей болды. Бейнебаянның негізі ретінде – Loc-Dog’-тың жеке хикаясын алдық. Адамның есею аллегориясын – баспалдақ арқылы көрсетуді жөн деп шештім. Әр қабаттың өзіндік тарихы, мінезі мен оқиғаның қалыптасу жөні бар», – дейді Медет.

Алматыда клип түсіру ұсынысы режиссердің тарапынан түскен. Айтуынша, орындаушылар оның бастамасын бірден қолдай кеткен.

«Бұл қаланы жақсы көремін. Әрі Алматыда ауа-райы Мәскеуден қарағанда жақсырақ болдығ қажетті локацияларды осы жерден таптық. Түсірілім сәуір айында жүргізілді. Барлық актерлер мен түсірілім тобы Қазақстаннан. Мәскеуден тек қана әртістер мен олардың кей көмекшілері келді», – дейді Медет.

Тағы оқыңыз:

Кіндік шешесі Қарақаттың қызына 1 миллион теңге сыйлаған

Нұрболат Абдуллин Алматыда концерт беру үшін үш бөлмелі пәтерден бас тартты

Қыдекеңе сыйлықтың “көкесін” жасадым: Қарақат жарының туған күніне ерекше құттықтау жолдады (фото)

Ринат Зайытов Ninety one-ды сабамақ болған “Меломен” тобын жақтап шықты (видео)

Талқылау