Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ресейдің жеңілмейтіні анық": Тоқаев Украинадағы соғысқа қатысты пікір айтты

Кездесуде Олаф Шольцтің өтінішімен Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайды реттеуге байланысты пікірін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда

"Әскери тұрғыда Ресейдің жеңілмейтіні анық. Соғыс бұдан әрі өрши берсе, барша адамзатқа, ең алдымен, Ресей-Украина қақтығысына тікелей қатысы бар мемлекеттерге салдары өте ауыр тиеді. Өкінішке қарай, Ыстамбұл келісімін бекітуден бас тартып, татуласуға қол жеткізетін оңтайлы мүмкіндікті уыстан шығарып алды", – деді мемлекет басшысы.

Президент бейбітшілік орнатуға әлі де мүмкіндік бар екенін атап өтті. 

"Түрлі мемлекеттердің барлық бейбіт бастамаларын мұқият қарап, әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы келісімге келу керек. Содан кейін территориялық мәселелерді талқылаған жөн. Біздіңше, Қытай мен Бразилияның бейбітшілік жоспары қолдауға тұрарлық. Мемлекеттер басшылары келеді, кетеді. Ал халық, әсіресе көршілес халықтар бейбіт әрі бір-бірімен түсінісіп өмір сүруі керек. Қазақстанның Ресеймен дүние жүзі бойынша құрлықтағы ең ұзын шегенделген шекарасы бар. Біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік пен одақтастық аясында дамып келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстандықтар украин халқы мен оның төл мәдениетіне шынайы құрметпен қарайды. Қазақстан мен Украина арасында ешқандай келіспеушілік болған емес. Киевте елшілігіміз әлі де жұмыс істеп жатыр, – деді мемлекет басшысы.



Еске салайық, бұған дейін Ақордада Германия канцлері Олаф Шольцты ресми қарсы алу рәсімі өткенін жаздық. Шольцтың Астанаға сапары аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ "Орталық Азия + Германия" форматында саммит өтетіні, соның аясында стратегиялық ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Сауда-экономикалық өзара іс-қимыл және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды қоса алғанда, кең ауқымды салалардағы серіктестік туралы айтылады.

Талқылау