Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейдің Сладкое көлі Қазақстанға берілді

Қазақстанға Новосибирск облысы Купино аудан орталығынан 20 шақырым жерде орналасқан Сладкое көлі берілді.

rossiya-otdala-polovinu-ozera-kazaxstanu-53568-1

«Біз бұл көлден ешқандай пайда көрмейміз. Тек табиғатың сәнін келтіріп тұр. Экономикамызға кірісі жоқ. Горькое көлінің пайдалы тұстары көп. Ал, Сладкое көлі жартылай сазды келеді. Пайдасы аз», – дейді НГС.НОВОСТИ тілшісіне Купино ауданының әкімшілік басшысы Владимир Шубников.

Бұл көл жергілікті тұрғындар арасында аса танымал. Мұнда табиғатқа, аңға шыққандар көптеп келеді.

Кейбір шегара бекіту жұмыстары аяқталған соң көл толығымен Қазақстанға беріледі.

Сладкое көлінің құрамында натрий, хлор, кидрокарбонат, бор мен өзге де тұздар бар. Судың құрамы сабынға ұқсайды. Сондықтан көлдің суымен киімдегі дақты оңай кетіруге болады. Сонымен қатар құрамындағы элементтерге байланысты көлдің суы қыста мұз болып қатпайды. Туристерге көлдің суының дәмі тәтті көрінеді. Сол себепті атауы солай аталып кетті. Негізінде көл суы тұзды.

Көп адам мұнда ем алу үшін келеді. Көлдің суымен, балшығымен тері ауруларын, асқазан, пародонтоз, аллергия ауруларының бетін қайтарып жатады. Тереңдігі 1 метр 80 сантиметр. Көлдің суы қауіпсіз саналады.

Тағы да оқыңыз:

Билл Гейтс 4,6 млрд долларын қайырымдылыққа берді

Білім министрлігі грант бөлу мәселесі бойынша бірнеше шешім ұсынды

Қарағанды тұрғыны әйелінің өз әріптесімен кездесіп жүргенін кездейсоқ біліп қалды

Ақтөбелік мамандар шұжықтан адам етінің тіні табылған соң жемеуге кеңес берді

Талқылау