Ресейдің ішкі істер министрлігі Зеленский мен Порошенкоға іздеу жариялады
Ресей Ішкі істер министрлігі Украина президенті Владимир Зеленский мен бұрынғы мемлекет басшысы Петр Порошенкоға іздеу жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Moscow Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: gazeta.ru, mk.ru
Екеуі де Қылмыстық кодекстің баптары бойынша іздеуде. Бірақ министрлік олардың нақты қай бап бойынша іздеуде екенін айтпады.
“Владимир Александрович Зеленский 1978 жылы 25 қаңтарда дүниеге келген. Қылмыстық кодекстің бабы бойынша іздеуде", – делінген хабарламада.
Мәліметтер базасында іздеуде жүрген адамның туған жері Украинаның Днепропетровск облысы, Кривой Рог екені көрсетілген.
Фото: Риа Новости
Порошенко да Қылмыстық кодекстің бабы бойынша іздеуде. Оның туған күні мен жері көрсетілген: 1965 жылы 26 қыркүйек, Украинаның Одесса облысы, Болград қаласы.
Сонымен қатар Украина Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшысы Александр Павлюкқа іздеу жарияланды.
Талқылау

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”

Қоқыс полигонындағы өрт алматылықтарға қаншалықты қауіпті: Мамандар экологиялық апатқа байланысты дабыл қақты
Экологист мұндай апат қандай жағдайлардың салдары екенін талдап айтып берді