Ресейде жойқын жер сілкінісінен кейін жанартау атқылады
Камчаткада 7,1 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан Шивелуч жанартауы атқылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Жерасты дүмпуі Тынық мұхитында, Камчатканың оңтүстік-шығыс жағалауында тіркелді. Петропавл-Камчатский және Вилюйск қалалық округтерінде және Елизовский және Усть-Камчатск аудандарында жер сілкінісінің күші 7 балға дейін сезілді. Қазір жер сілкінісінен болған шығындар есептеліп жатыр.
Күшті жер сілкінісінің салдарынан Шивелуч жанартауы атқылады. Жанартаутану және сейсмология институтының мәліметінше, Шивелуч жанартауынан теңіз деңгейінен 9 шақырым биіктікке күл атқылады. Күл түріндегі бұлт жолдарды жауып қалды.
Авиация үшін қызыл код жарияланды. Әзірге жақын маңда үшу қауіпті.
Бұған дейін еліміздің төтенше жағдай министрлігі “16 тамызда жойқын жер сілкінісі болады” деген ақпаратқа пікір білдірген еді.
Талқылау

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр

"Қысқа мерзімді жеңілдіктер ұзақ мерзімді дағдарысқа ұласуы мүмкін": Сарапшылар Қазақстанда шұғыл енгізілетін шараларға қатысты пікір білдірді
Оның айтуынша, жаңа салық кодексінде әзірге айтарлықтай өзгеріс жоқ